— Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теңгерімді сыртқы саясатты одан әрі нығайту, ұлттық мүддемізді халықаралық аренада белсенді ілгерілету, экономикалық дипломатия мен инвестициялық серіктестікті күшейту бағытында нақты тапсырма берді, — делінген хабарламада.
Мемлекет басшысы көпжақты форматтағы ықпалдастықты жандандыруға, сондай-ақ шетелде Қазақстан азаматтарының құқығы мен мүддесін қорғау жұмыстарының тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Айта кетейік, Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды.