Архив ұсынған суреттерде сол кездегі еліміздің Сыртқы істер министрлі Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеленген.

БҰҰ Бас ассамблеясының 52-сессиясы, Нью-Йорк, 1997 жылдың 30 қыркүйегі
БҰҰ Бас ассамблеясының 54-сессиясы, Нью-Йорк, 1999 жылдың 24 қыркүйегі

Кейінірек, 2011 жылдың наурызында Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық миссиясын халықаралық деңгейде жалғастырып, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметіне тағайындалды әрі ұйымның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры болды.
Естеріңізге сала кетсек, 9 қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясының мерейтойлық 80-сессиясы жұмысын бастады. Халықаралық ұйым 80 жылдың ішінде соғыстан кейінгі бітімгершіліктен жаһандық гуманитарлық миссияға дейінгі жолдан өтті.
Айта кетейік, 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды. Сапар аясында Президент БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.