Бұл туралы Корольдік премьер-министрі Барт Де Вевер БҰҰ Бас ассамблеясының 80-сессиясы аясында мәлімдеді.
— Бельгия әрқашан екі мемлекеттің шешімін қорғап келді және бүгін Нью-Йорк декларациясына қол қойған елдердің қатарына қосылды. Тек осындай шешім Израиль мен Палестина халқына бейбітшілік пен қауіпсіздікте қатар өмір сүруге мүмкіндік береді, — деді премьер-министр.
Барт Де Вевер Израиль саясаткерлерінің, соның ішінде премьер-министрдің «Палестина мемлекеті болмайды» деген мәлімдемелері палестиналықтарды қолдаудың қосымша себебі болып табылатынын айтты.
— Сондықтан Бельгия бүгінде БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында Палестина мемлекетін мойындағанын жариялаған елдер тобына қосылу арқылы әлемге мықты саяси сигнал беріп отыр, — деді Де Вевер.
Франция президенті Эмманюэль Макрон БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында сөйлеп, өз елінің Палестина мемлекетін ресми түрде мойындайтынын жариялады.