Қалада желсіз күндері автокөліктер мен кәсіпорындар шығаратын ластаушы заттардың ауаға таралуы жиілейді. Сондықтан «Қазгидромет» РМК халыққа алдын ала қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасқаны жайлы ескертіп отырады.
— 2025 жылы Өскеменде осындай 62 күн болған. 2020 жылы — 78, 2021 жылы — 42, 2022 жылы — 99, 2023 жылы — 124, 2024 жылы — 100 күнде қолайсыз метеорологиялық жағдай тіркелді, — делінген ақпаратта.
Мамандар осындай күндерде далада ұзақ жүрмеуге, пәтердегі терезелер мен желдеткіштерді жабуға, қайнатылған, тазартылған немесе газсыз минералды су мен шәй ішуге кеңес береді. Сондай-ақ тамақ рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді қосқан жөн.
Еске салсақ, кеше елдегі 7 қалада ауа сапасы нашарлаған болатын.
Ботакөз Кенжеханқызы