Шетелдіктер Қазақстан президентінің экономиканың түрлі салаларындағы басымдықтарына және елдің өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықтығына үлкен қызығушылық танытты.
— Менің ойымша, бұл керемет дөңгелек үстел болды. Таныстырылған компаниялар мен ондағы адамдар – әлемдегі ең үздік. Президенттің басымдықтары туралы тыңдау өте қызықты болды. Біз елдің тау-кен өндіру және өңдеу саласындағы тәжірибесін дамытуға көмектесетінімзге үміттенеміз және жобаны осы бағытта жалғастыруды асыға күтеміз. Бұл мен үшін барлығының Қазақстан дамуының бір бөлігі болғысы келетінін көрсететін күшті сигнал болды деп ойлаймын, — деп хабарлады Колорадо тау-кен ісі мектебінің президенті Пол Джонсон.
Жасанды интеллект технологияларының жетекші провайдері Cohere компаниясының бас директоры Мартин Кон президенттің Қазақстанды ЖИ саласындағы көшбасшыға айналдыру ұмтылысын жоғары бағалады.
— Осында шақырылу мен үшін үлкен мәртебе болды. Пікірталас өте жылы және экономиканың көптеген салалары мен секторларын қамтыған ынтымақтастықта өтті.
Біз Қазақстанның министрліктерімен және кейбір жетекші кәсіпорындарымен озық жаһандық технологияларымызды қалай бірлесіп жұмыс істеуге және енгізуге, сондай-ақ оларды қазақстандық нарыққа, тілге, мәдениетке және тарихи ақпаратқа бейімдеуге болатынын талқылап жатырмыз.
Қазақстанның әріптестік үшін ашықтығы маған қатты әсер етті, сондықтан Құрама Штаттардағы инвесторлар мен бизнесмендер өзара тиімді серіктестік қатынастар іздейді, жаһандық мүмкіндіктерді локализациялау және оларды Қазақстанға тән ету арқылы пайдалануға ұмтылып отыр, — деп бөлісті пікірімен Cohere президенті Мартин Кон.
Айта кетейік, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Нью-Йоркке жұмыс сапары басталды.
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта сөз сөйлейді.
Кеше Президенттің Нью-Йорк қаласындағы жұмыс сапары канадалық трансұлттық компанияның басшысымен кездесуден бастау алды.
Тоқаев АҚШ-та қазақ мәдениетін дәріптеп жүрген Смитсон институтына алғыс айтты.
Бүгін Мемлекет басшысы АҚШ Сауда министрімен кездесті. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамппен сөйлесті.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанның Мемлекет басшысын тарихи келісіммен құттықтады.