Отандасымыз финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған испаниялық Виолета Диас Аррибаспке 0:2 есебімен жол берді. Осылайша Нодира Ахмедова турнирдің күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық спортшы аталған турнирде ширек финалда италиялық Вирджиния Маестроны, жартылай финалда болгариялық Александра Георгиеваны жеңді.
Айта кетсек, бұдан бұрын Нодира таэквондодан Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өткен Гран-при кезеңінде қола жүлде алды. Қола жүлде үшін кездесуде отандасымыз вьетнамдық Чыонг Тхи Ким Туді 2:0 есебімен жеңген еді.
Еске салсақ, таэквондодан Гран-придің финалдық кезеңі 2026 жылы Алматы қаласында өтеді.