Мемлекеттер басшылары екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Владимир Зеленский Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын жеткізді.
Қазақстан Президенті осынау аса күрделі ахуалға қатысты пікір білдіріп, қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет екеніне назар аударды.
Айта кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысымен кездесу өткізді.
Сондай-ақ Черногория Президентімен кездесіп, еліміз Черногорияны Балқан түбегіндегі маңызды серіктесі санайтынын атап өтті.