Жаһандық жобалармен айналысатын АҚШ-тың жетекші инвестициялық банкі Goldman Sachs-пен маңызды кездесу өтті.
Тараптар сандық инфрақұрылымды, оның ішінде AI агенттерін және ірі деректер орталықтарын қаржыландыруды дамытудың бірлескен мүмкіндіктерін талқылады.
— Бүгінде Goldman Sachs әртүрлі деректер орталығын қаржыландыру құралдарын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Олардың АҚШ-та осы салада көптеген жобалары бар, сондықтан біз оларды өңіріміздегі цифрлық инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін қалай пайдалануға болатынын зерттеп жатырмыз, — деді Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.