Жоба Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген тапсырмалар аясында «Тасбулат Ойл Корпорэйшн» ЖШС-нің бастамасымен, ҚР Энергетика министрлігінің үйлестіруімен және ұлттық компаниялар мен салалық серіктестердің қатысуымен жүзеге асырылуда.
Жобаның негізгі мақсаты – энергетикалық тәуелсіздікті нығайту, ішкі ресурстық базаны кеңейту және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету.
Алғашқы кезеңде газ өндіру көлемі жылына шамамен 50 млн текше метрді құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш 150 млн текше метрге дейін ұлғаяды. Шикізат «Қазақгаз өңдеу зауыты» ЖШС қуаттылықтарында өңделіп, «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ға жеткізілмек.
Жоба «QazaqGaz» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-нің бірлескен ынтымақтастығы арқасында жүзеге асты.
Энергетика министрлігі жобаның барлық кезеңін тікелей қолдап, үйлестіріп отырады.
Жобаның іске қосылуы өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықты қолжетімді энергия ресурстарымен қамтамасыз етуге жол ашады. Жақын арада Қызылорда және Атырау облыстарында да осыған ұқсас жобаларды іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадам газ өндіру мен өңдеу көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, Маңғыстау облысында инвестициялық жобаларға бақылау күшейеді.