Дауыс беру нәтижесі бойынша Дык Фук 422 ұпай жинады. Екінші орын Қырғызстаннан келген The Nomad Trio командасына бұйырса, үшінші орынды Катар командасы иеленді.
Қазақстан атынан шыққан Amre есімімен танымал Ернар Садырбаев үздік ондыққа енді. Ол «Славян базары» байқауының жеңімпазы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Amre мен 8 жасар Жасмин жетінші болып өнер көрсетті. Байқауға қатысушы әрбір өнерпаздың өзіндік ерекшелігі бар. Дегенмен, көрермендер қазақстандықтардың өнерін ерекше ықыласпен қарсы алды.
Байқауда 23 қатысушы өнер көрсетуі керек еді. Алайда соңғы минутта америкалық өкіл белгісіз себептермен сахнаға шықпай қалды.
Байқау қорытындысы жарияланғаннан кейін «Интервидения» байқауының қатысушылары Полина Гагаринаның «A Million Voices» әнін шырқады.
Финал барысында байқау келер жылы Сауд Арабиясында өтетіні белгілі болды.
-Біз Сауд Арабиясы Корольдігінің 2026 жылы «Интервидение» халықаралық ән байқауын өткізуге дайын екенін ресми түрде жариялағанын қуана хабарлаймыз», — деді жүргізушілер.
«Интервидение-2025» финалында қазақстандық әнші Amre көрерменді тәнті етті.