Дүбірлі додаға 23-25 қыркүйек аралығында 20 елден 113 спортшы қатысты. Олардың арасынан 19 жастағы отандасымыз жеңіс тұғырына көтерілді.
Еліміздің атынан әлем чемпионатына Ксениядан өзге Әмина Қайырбекова және Лия Құрманғалиева барған еді.
Дүбірлі додада Ксения сенімді түрде көш бастады. Шешуші күні өзбекстандық Умида Омоновадан басым түсті. Одан кейінгі екі ойында тең түсіп, чемпион атағын жеңіп алды.
Қорытынды нәтиже:
1. Ксения Балабаева (Қазақстан) – 7 ұпай
2.Афруза Хамдамова (Өзбекстан) – 6½ ұпай
3. Варвара Полякова (FIDE) – 6½ ұпай
7. Әмина Қайырбекова — 6 ұпай
12. Лия Құрманғалиева — 5 ұпай.
Еске салсақ, бұдан бұрын шахматтан әлем чемпионатында қазақстандық пара спортшылар 9 медаль алды.