Орталық Evis X1 соңғы эндоскопиялық жүйелері және әлемдік стандарттар деңгейінде оқытуға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық симуляторлар сияқты ең озық жабдықтармен жарақталған.

— Бұл оқиға медициналық жабдықтар өндірісіндегі әлемдік көшбасшы Olympus компаниясымен стратегиялық әріптестігіміздің арқасында мүмкін болды. Мен әріптестерімізге оларды қолдағаны үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді,— деді басқарма басшысы Рүстем Төлеутаев.
Ведомствоның мәліметінше, көрші мемлекеттердің дәрігер мамандарымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
— Жаңа орталық біздің дәрігерлер, сондай-ақ Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Қырғызстаннан келген әріптестеріміз өз дағдыларын шыңдай алатын, тәжірибе алмасатын және озық технологияларды игере алатын орынға айналатынына сенімдімін. Бұл бізге мамандардың біліктілігін арттырып қана қоймай, диагностика мен пациенттерге көмек көрсету сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді, — деп атап өтті клиниканың бірінші басшысы.
Ал Жапониядан келген Olympus Corporation өкілі Йохи Маеданың айтуынша, тренинг орталығын құруға Қазақстан, Жапония, Польша және Чехия командалары тартылғанына қуанышты. Орталық мамандарды даярлау, білім алмасу және жоғары стандарттарды енгізу саласында жаңа көкжиектер ашады.

— Біздің мақсатымыз — адамдардың өмірін барынша сау ету. Біз дәрігерлерді жабдықтарымызбен дұрыс және тиімді жұмыс істеуге үйретеміз, өйткені пациенттердің қауіпсіздігі мен денсаулығы осыған байланысты. Біз осы маңызды жобаның бір бөлігі болғанымызды мақтан тұтамыз, — деп атап өтті Olympus OCG директоры Томаш Ставярский.
Басқарма Төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары Жәмила Қайболлақызының пікірінше, оқу орталығы — эндоскопиялық диагностика деңгейін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін заманауи білім беру хабы. Эндоскопист дәрігерлерге сапалы колоноскопия әдістерін үйрететеді, ең бастысы ADR көрсеткішін есептеу жүйесін енгізбек. Бұл көрсеткіш колоректалдық обырға қарсы күресте маңызды болып табылады және оны пайдалану бізге мыңдаған адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Эндоскопия және интевенциялық Гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова:
— Біз дәрігерлерімізге ең заманауи технологиялар мен әдістемелерге қол жеткізуге бірегей мүмкіндік алдық. Біз бұл орталық Орталық Азиядағы эндоскопиялық қызметтің дамуына елеулі үлес қосатынына сенімдіміз, — деп атап көрсетті.
Орталықтың оқу бағдарламалары теориялық курстарды да, тренажерларда және нақты клиникалық жағдайларда кең практикалық сабақтарды да қамтиды, бұл оқытудың барынша тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл маңызды оқиға Қазақстанда медициналық білім беру мен технологияларды дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.