Бұл туралы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының өкілі Тамин Аль-Хитан флотилияға Грекия жауапты іздеу-құтқару (SAR) аймағында ұшқышсыз ұшақтар (БПЛА) арқылы жасалған шабуылдарға пікір білдіре отырып мәлімдеді.
— Газада аштық пен азық-түлік жетіспеушілігінен зардап шегіп жатқан жүздеген мың адамға көмек пен қолдау жеткізуге тырысқандарға бағытталған шабуылдар мен қауіп-қатерлер ақылға қонымсыз, — делінген мәлімдемеде.
Аль-Хитан флотилияға қарсы ұшқышсыз ұшақтар мен басқа да құралдар арқылы жасалған шабуылдар мен қудалауларға қатысты тәуелсіз, бейтарап және жан-жақты тергеу жүргізу қажеттігін атап өтті. Ол мұндай шабуылдарды тоқтатып, құқық бұзғандарды жауапқа тарту керек екенін қадап айтты.
Сондай-ақ, Аль-Хитан Израильді оккупациялық держава ретінде Газа халқына азық-түлік пен медициналық құралдар жеткізу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалануға, не болмаса бейтарап гуманитарлық бағдарламалардың кедергісіз әрі жедел жүзеге асырылуына жағдай жасауға шақырды.
Оның айтуынша, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Израильді Газаға қойылған блокаданы шұғыл түрде алып тастауға және адам өмірі үшін маңызды материалдардың барлық мүмкін жолдармен жеткізілуіне рұқсат беруге шақырды.
Грекиядан Газаға гуманитарлық көмек жеткізуге шыққан Global Sumud флотилиясы Грекия жауапты аумақта ұшқышсыз ұшақтар арқылы шабуылға ұшырады.