Жұқтырғандардың басым көпшілігі ерлер — олар ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетіндер. Өткен жылы науқастардың тек 7,6%-ын әйелдер құраған. Алайда RKI мәліметінше, 2023 жылмен салыстырғанда гетеросексуалдық қатынас арқылы жұққан жағдайлардың үлесі сәл артқан, ал ер адамдар арасындағы қатынас арқылы жұққан жағдайлардың үлесі керісінше, аздап төмендеген.
Науқастардың орташа жасы — 41 жас. Жұқтыру қаупі ең жоғары ірі қалалар — Берлин, Гамбург, Кёльн, Франкфурт-на-Майне және Мюнхен.
Мерез жұқтырғандардың шамамен жартысында ауру белгілері байқалады. Аурудың үш сатысы болады. Бірінші сатысында, жұққаннан кейін бірнеше күн немесе апта ішінде, ауыз қуысында немесе жыныс мүшелерінде шағын жаралар пайда болады. Екінші сатысында – алақан сияқты дененің әртүрлі жерлерінде қызыл бөртпе пайда болады. Ал үшінші сатысы бірнеше жылдан кейін дамуы мүмкін және ол кезде қан тамырлары мен орталық жүйке жүйесі зақымданады.
Антибиотиктер аурудың кеш сатыларында да көмектесе алады. RKI атап өткендей, мерезге қарсы вакцина жоқ, сондықтан ең тиімді қорғану құралы — барьерлік контрацептивтер, мысалы, презервативтер болып табылады.
Айта кетейік, Францияда қауіпті инфекцияға байланысты Chavegrand ірімшіктері сатылымнан алынды.