Қазақстандық футболшылар қазан айында өз алаңында Лихтенштейнді қабылдаса, сырт алаңда Солтүстік Македонияға қарсы ойын өткізеді. Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген тізіміне 38 ойыншы енгізілген.
Қазақстан құрамасы:
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Қажымұқан Төлепберген («Оқжетпес»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский («Астана»), Сергей Малый, Сұлтанбек Астанов, Сағадат Тұрсынбай (бәрі – «Ордабасы»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Әділбек Жұмаханов («Елімай»), Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (екеуі де – «Тобыл»), Бағдат Қайыров («Ақтөбе»), Еркін Тапалов, Александр Мрынский (екеуі де – «Қайрат»).
Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Алмас Төлібай, Ғалымжан Кенжебек (бәрі – «Елімай»), Муроджон Халматов, Эльхан Астанов (екеуі де – «Ордабасы»), Дамир Қасабулат («Қайрат»), Георгий Жуков («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Динамо Мәскеу», Ресей), Исламбек Қуат, Дінмұхамед Қараман (екеуі де – «Жеңіс»), Серікжан Мужиков, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайсар»), Ислам Чесноков («Тобыл»).
Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Ақтөбе»), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Дастан Сатпаев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Алияр Мұхаммед («Оқжетпес»), Иван Свиридов («Елімай»), Рамазан Кәрімов («Астана»), Артур Шушеначев («Ақтөбе»).
Еске салсақ, бұдан бұрын Али Алиев футболдан Қазақстан құрамасы бас бапкері қызметінен кететінін мәлімдеді.