Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Ташкент қаласында өзбекстандық футболшылармен кездессе, Алматы қаласында 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы сол елдің өрендерімен шеберлік байқасады.
Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді. Атап айтқанда, ұлттық құрамадан бастап балалар мен әйелдер құрамалары арасындағы жолдастық ойындар жиі өткізіледі. Бұған дейін Шымкентте екі елдің 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы кездессе, Ташкентте 19 жасқа дейінгі қыздар құрамалары жасыл алаңға шықты.
Еліміздің футбол федерациясының хабарлауынша, Қазақстан мен Өзбекстан ұлттық құрамалары арасында жолдастық ойын өткізу жөнінде келіссөз жүріп жатыр.
Айта кетсек, алдағы қараша айында қараша айында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Бельгияға қарсы матчтан кейін Хорватияда Фарер аралдары құрамасымен ойнайды.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Бірінші лигада «Ертіс» қарсыласын ірі есеппен жеңді.