Аталған тур 25-26 қыркүйек күндеріне белгіленген.
Алғашқы ойын күнінде Павлодардың «Ертісі» сырт алаңда астаналық «SD Family» командасымен кездесті. Ойын барысында павлодарлық клубтан Еркебұлан Тұңғышбаев бес гол соғып, пента-трик авторы атанды. Осылайша олар қарсыласын 7:2 есебімен қапы қалдырып, турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Олар Премьер-лигаға оралуға жақын тұр.
Сондай-ақ Шымкенттің «Академия Оңтүстігі» қаарғандылық «Шахтерге» 0:2, «Түркістан» Павлодар облысының «Екібастұзына» 1:2 есебімен есе жіберді.
Ал 26 қыркүйекте «Каспий» (Ақтау) мен «Ақтөбе-2», «Алтай» (Өскемен) мен «Хан тәңірі» (Алматы), «Жетісай» (Түркістан облысы) мен AKAS (Алматы), «Тараз» бен «Қайрат-2» (Алматы) шеберлік байқасады.
Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр.
Жиырма екі турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы орындарды өзара бөлісіп тұр.