Мезмёр «Анадолу» агенттігіне берген сұхбатында Грецияның іздеу-құтқару (SAR) аймағында флотилияға жасалған дрон шабуылы туралы пікірін білдірді.
Оның айтуынша, флотилияның 11 кемесіне 13 жеке шабуыл жасалған, ал сол күні Израильдің Сыртқы істер министрлігі кемелердің қатысушыларына қатысты қауіп-қатерлер туралы мәлімдеме жасаған.
Израиль билігінің қорқыту әрекеттерін атап өткен Мезмёр: «Олар бізді қорқытып, бағыттан бас тартқызуға, Грецияда қалуға мәжбүрлеуге тырысты, бірақ бұл нәтиже берген жоқ, себебі бүгін ешбір кеме тоқтамады. Біз әлі де мақсатымыздан бас тартқан жоқпыз. Бұл біз Палестина жағалауларына жетіп, гуманитарлық көмек үшін коридор ашып, жаңа прецедент жасаймыз деген қорқынышты көрсетеді», — деді.
Сонымен қатар, депутат Израиль билігінің флотилия қатысушыларының шешімділігі мен әлемдегі бұл бастамаға жауап ретінде пайда болған халықтық көтерілісінен қорқатынын айтты. «Бұл — соғыс қылмысы, себебі халықаралық құқыққа сәйкес, әскери мақсаттары жоқ азаматтық кемеге шабуыл жасау соғыс қылмысы болып табылады, бұл Рим статутының 8-бабында айтылған», — деп атап өтті ол.
Депутат Израильдің Палестина Мемлекетін БҰҰ-да мойындайтын кейбір елдердің алдында бейбіт тұрғындарға шабуыл жасаудан тартынбайтынын да айтты.
Мезмёр Италияның қоғамы мобилизацияланып, флотилияда жүрген өз азаматтарын қорғауды талап еткен ұлттық ереуіл жариялағанын және бұл әрекетінің нәтижелі болғанын жеткізді. Сонымен қатар, ол Франция президенті Эммануэль Макронның әрекеттерін қатты сынға алды: «Макрон тағы да толықтай бей-жай және тиімсіз, ол болып жатқан геноцидке қатысты әрекет етпей отыр».
Мезмёр флотилияны әлсірету мақсатында Google-да Израиль тарапынан қаржыландырылған материалдардың жарияланып жатқанын айтты және флотилияның мақсаты — Газаны гуманитарлық көмекпен қамтамасыз ету, тұрақты гуманитарлық коридор ашу және 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан блокаданы бұзу екенін атап өтті. Ол әлем мемлекеттерін Газа мәселесінде нақты позиция қабылдауға және «соғыс қылмысы жасаушы Израиль мемлекетіне қарсы санкциялар қолдануға» шақырды.
— Бұл түнде Израиль шабуылынан қаза тапқандар болған жоқ. Кемелерге зиян келтірілді, бірақ біз оларды қалпына келтірдік. Сол түнде олар Газа қаласын бомбалады, соның ішінде отбасылар баспаналап отырған ангарды, онда 40-тан астам адам қаза тапты, — деді Мезмёр.
Депутат Газаға жасалып жатқан геноцидтің нақты уақыт режимінде құжатталып жатқанын және адамдарды азық-түлік пен ресурстардан айырудың «соғыс қаруы» ретінде қолданылып жатқанын атап өтті.
Мезмёрдің айтуынша, геноцид 700 күннен астам уақыт бойы жалғасып келеді, ал үкіметтердің үнсіздігіне шыдамай, халық көтеріліске шықты.
Депутат флотилияның әлемге «азаматтар өз үкіметтерінен батыл болуы мүмкін» деген хабар жіберіп, азаматтық қоғамның өз кемелерін сатып алып, флотилияға жіберуге ұйымдасып жатқанын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін белсенділер Газаға бағыт алған теңіз флотилиясына дронмен шабуыл жасағанын хабарлады.
Артынша БҰҰ «Global Sumud флотилиясына жасалған шабуыл ақылға қонымсыз» деп айыптады.