ТЖД мәліметінше, 22 қыркүйек күні сағат 12:00-де халықты шұғыл мобильді хабардар ету жүйесінің техникалық тексерісі жүргізіледі.
– Сіздің мобильді құрылғыларыңызға дыбыстық белгімен қоса мәтіндік хабарлама түседі. Аталған жүйе төтенше және шұғыл жағдайларда халықты хабардар ету үшін қолданылады. Мұндай хабарламалар түскен жағдайда көрсетілген нұсқауларды мұқият орындауларыңызды сұраймыз, — деп хабарлады департаменттен.
Еске салайық, бүгін алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді.
ТЖМ 28 сейсмостанцияның бірі жер сілкінісін тіркеп, хабарландыру жібергенін мәлімдеді.
Алматы қаласы ТЖД бастығының айтуынша, афтершок күтілмейді.