Мониторингті қалалық психикалық денсаулық орталығы медициналық ұйымдармен бірлесе жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.
Талдау көрсеткендей, мұндай жағдайлар көбінесе отбасындағы немесе достар арасындағы жанжалдарға байланысты болады. Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының орынбасары Елена Полиенконың айтуынша, мұндай әрекеттер ата-ананың не мұғалімдердің назарын аудартуға немесе қарсылық білдіруге тырысудан туындайды.
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Астанада мұндай оқиғалардың алдын алу шаралары күшейтіліп, профилактикаға қатысты тәсілдердің түзетілгенін атап өтті.
Жастардың 10-нан 29 жасқа дейінгі психикалық саулығын қорғау үшін елордада 11 жастар орталығы жұмыс істейді. Олар емханалар базасында («№2 қалалық емхана», «№3 қалалық емхана», «№4 қалалық емхана», «№5 қалалық емхана», «№6 қалалық емхана», «№8 қалалық емхана», «№9 қалалық емхана», «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығы», «Astana Clinic» ЖШС, «Салауатты астана» ЖШС, «City» емханасы ЖШС) ашылған. Мұнда 82 психолог көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, жедел қолдауды Қалалық психикалық денсаулық орталығының мамандары психиатриялық бөлімшедегі кабинеттерде және тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны арқылы (54-76-03) көрсетеді.
Астанадағы профилактикалық жұмыс мектептерден бастап емханалар мен арнайы орталықтарға дейінгі барлық деңгейді қамтиды. Негізгі мақсат – тәуекел тобына жататын балалар мен жастарды дер кезінде анықтап, оларды кешенді қолдаумен қамтамасыз ету.
Айта кетейік, әлемдік деңгейдегі сумо аңызы Хакухо Се Астанада шеберлік сағатын өткізді.