– Қазақ тазы спорт федерациясы үшінші мәрте жарыс ұйымдастырып отыр. Алғашқы жарысқа 20 өңірден 150 тазы қатысты. Екінші бәсекеге 220 тазы жиналды. Бірақ бұл жолы санға мән берген жоқпыз. Іріктеуге 300-ден аса адам жазылды. Солардың арасынан ең мықты деген 70-ке жуық тазыны таңдадық. Бүгін 37 арлан мен 32 қаншық бөлек жарысады, – деді Қазақ тазы спорт федерациясының құрылтайшысы Нұрқожа Ерсайын.
Байқаудың жалпы жүлде қоры – 3 000 000 теңге.
– Бірінші орын алған 2 тазыға 750 мың теңгеден, екінші орын иегерлеріне 500 мыңнан, үшінші орынға 250 мың теңгеден беріледі, – деді ұйымдастырушы.
Айта кетейік, қазақ тазылары Хельсинкидегі Дүниежүзілік иттер көрмесінде әлемге таныстырылды.