Сайысқа еліміздің барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Әзербайжан мемлекетінен командалар жиналды.
Үш күн бойы қатысушылар ересектер мен балалардың жүрек-өкпе реанимациясынан бастап жарақат алған кезде дәрігерге дейінгі көмекке, жаңа туған нәрестелерді қадағалап-қарауға және акушерлік асқынулар кезінде алғашқы көмек көрсетуге дейінгі нақты жағдайларға барынша жақын жағдайларда шұғыл көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

Жарыстың қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
- 1 орын — Жамбыл облысы
- 2 орын — Абай облысы
- 3 орын — Астана қаласы

Шетелдік командалардың арасында жеңімпаз атанғандар:
- 1 орын — Беларусь
- 2 орын-Ресей
- 3 орын-Әзірбайжан
Арнайы номинациялар алғандар:
- «Үздік командалық жұмыс» — Павлодар облысы
- «Жеңіске деген жігері үшін» — Ұлытау облысы

Жекелеген санаттарда үздік деп танылғандар:
- PALS: Шымкент (1 орын), Түркістан облысы (2 орын), Қостанай облысы (3 орын)
- NRP: Ақтөбе облысы (1 орын), Батыс Қазақстан облысы (2 орын), Алматы облысы (3 орын)
- PHTLS: Атырау облысы (1 орын), Ақмола облысы (2 орын), ШҚО (3 орын)
- ACLS: Қызылорда қаласы (1 орын), Жетісу облысы (2 орын), Қарағанды облысы (3 орын)
- Триаж: Солтүстік Қазақстан облысы (1 орын), Маңғыстау облысы (2 орын), Алматы қаласы (3 орын)
Ұйымдастырушылар шұғыл медицинаның ұлттық үйлестіру орталығы және ҚР Жедел медициналық жәрдем қауымдастығы — чемпионат тек кәсіби жарыс қана емес, сонымен қатар тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналғанын атап өтті.
Іс-шара кадрлық әлеуетті нығайтуға және ел азаматтары үшін шұғыл көмек сапасын арттыруға ықпал етеді.
Айта кетейік, Түркістан облысында медициналық ұйымдарға 60 жедел жәрдем көлігі берілді.