Kazakh Tourism-нің мәліметінше бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады.
Халықаралық қонақүй желілері Қазақстанның өңірлеріне қызығушылық танытып отыр. Оның ішінде туристік және іскерлік бағыттар да бар.
— Біз туристік инфрақұрылымның сапасын арттырып, өңірлердің туристік тартымдылығын күшейту мақсатында халықаралық қонақүй желілерімен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазақстанда сапалы орналастыру орындарына деген сұраныс тұрақты түрде артып келеді. Бұл іскерлік белсенділік пен туристер санының көбеюіне байланысты. Халықаралық қонақүй брендтерінің болуы сервис стандарттарын арттырып қана қоймай, нарықтағы бәсекелестікті де ынталандырады, — деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының м.а. Даниел Сержанұлы.
Қонақ үй нарығын дамыту экономика үшін туристердің артуынан бастап жаңа жұмыс орындарының ашылуына және бизнестің кеңеюіне дейінгі мультипликативтік әсер береді.
Айта кетелік Катонқарағайда қонақүй тапшылығы мәселесі өзектілігін жоймай тұрғаны туралы жазған едік.