Бұл жөнінде әлеуметтік желіде бейнежазба жариялады.
— Өткен 10 жылымда кәсіби де, жеке өмірімде жанымда болған барлық адамдарға алғыс айтамын. Бұл менің мансабымдағы ең керемет 10 жыл болды, бұған ешқандай күмән жоқ! 2014 жылы мені шақырған Какауға, сенім білдірген Қайрат Оразбеков пен Андрей Мищенкоға, кейін жұмысты жалғастырған Какаға, сондай-ақ құрамадағы жергілікті жігіттерге жылы қабылдағандары үшін рақмет. Алғашқы Боснияға қарсы өткен тұсаукесер ойынымнан (4:2 жеңіспен аяқталды, мен 2 гол соқтым) — мен осы құрамамен бірге талай жақсы сәттерге куә болатынымызға және тарих жазатынымызға сенімді болдым, — деді ол.
Дуглас Жуниор 1988 жылы Бразилияда дүниеге келген. Ол спорттық мансабын өз еліндегі АБС командасында бастаса, одан кейін Чехияның «Эра-Пак» (Хрудим) командасында жалғастырды. 2014-2024 жылдары қазақстандық «Қайрат» командасында ойын көрсетіп, 2022 жылы ресейлік КПРФ клубында жалға берілді. Өткен жылдан бастап Сауд Арабиясының «Аль-Ула» клубының намысын қорғап келеді.
Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына финалдық сатысынан тыс қалды.