Бұл туралы премьер-министр Петр Фиала мәлімдеді.
Оның айтуынша, топтың негізгі міндеті — дрон технологияларының даму барысын қадағалау және дрондардан туындайтын ықтимал қауіптерге жауап шараларын әзірлеу болады.
Топ құрамына Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, көлік, әскер және полиция салаларының сарапшылары кіреді.
Қорғаныс министрі Яна Чернохова Чехия көп деңгейлі әуе қорғаныс жүйесін құруға ұмтылып отырғанын атап өтті. Ол тек дрондардан ғана емес, басқа да қауіптерден қорғауды қамтиды.
Осы стратегия аясында ел әртүрлі типтегі бірнеше жүз дрон сатып алу бойынша тендерді аяқтап жатыр.
Бұдан бұрын Чехия 2030 жылға дейін ЖІӨ-нің 3%-ын қорғанысқа бөлуді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.