2025 жылғы 25 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Алматы, түнде Астана қалаларында күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.