Бұл күнгі басты кездесуде «Семей» мен алматылық «Қайрат» командалары арасында өтеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Қос команда кейінгі жылдары ел біріншілігінде бас жүлдеге таласып келеді. Сондай-ақ олар еурокубок ойындарында Қазақстан намысын қорғап жүр.
Сондай-ақ аталған турда «Байтерек» (Орал) мен «Тұлпар» (Қарағанды), «Астана» мен «Ақтөбе», «Сарыарқа» (Қарағанды) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ордабасы» (Шымкент) пен «Аят» (Рудный) шеберлік байқасады.
Командалар ертең, 28 қыркүйекте тағы бір ойын өткізеді.
Бұл турда 25-26 қыркүйек күндері ақтаулық «Каспий» «Атырауды» 3:2 себімен жеңсе, тағы бір кездесуде 0:0 есебімен тең түсті.
Қазір турнир кестесінде төрт ойыннан кейін 7 ұпай жинаған «Атырау» көш бастаса, олардан екі ойын кем өткізген «Тұлпар», «Ақтөбе», «Қайрат», «Семей» одан кейінгі орындарды өзара бөлісіп тұр.
Айта кетсек, футзалдан ел біріншілігінде биыл 12 команда бақ сынап жатыр.
Еске салсақ, биыл Алматының «Қайраты» футзалдан суперкубок иегері атанды.