Брюссель тұрғындары мен қонақтарына қала ішінде көлікпен жүруге тыйым салынды. Көптеген велосипедшілер мен жаяу жүргіншілер осы жексенбіні жылдың ең жақсы күні деп санады, өйткені Бельгия астанасы Еуропадағы ең үлкен көліксіз аймақтардың біріне айналды.
Қалаға таңғы 9:30-дан кешкі 19:00-ге дейін көліктердің кіруіне тыйым салынды. Полиция тек қоғамдық көліктерге, таксилерге және төтенше жағдайлар қызметіне рұқсат берді.
— Бүкіл аумақ бойынша жылдамдық шегі бүкіл 30 км/сағ құрайды, — деп мәлімдеді «Brussels Mobility» компаниясы.
Бұл күні SNCB ұлттық теміржол компаниясы акция ұйымдастырып, Бельгия бойынша бір билетті 8 еуроға (шамамен 5 мың теңге) сатты. STIB/MIVB қоғамдық көлік операторы күні бойы тегін жүруді ұсынды және әдеттегі жексенбіге қарағанда үлкен жиілікте жұмыс істеді.
Биылғы жылдың мамыр айында «Брюссельдің 20 шақырымы» спорттық шарасына 50 мыңнан астам спортсүйер қатысты.