Комитеттің хабарлауынша, синхронды секіруден жұптық бәсекеде Данил Мусабаев пен Никита Тумаков 52.200 ұпай еншілеп, топ жарды.
Жарыс нәтижесі бойынша, Германия (әлем чемпионы Кайо Лаукстерман мен 2 дүркін әлем чемпионы Фабиан Фогель) 52.050 ұпаймен күміс алса, Ұлыбритания (әлем чемпионы Зак Перцаманос пен Еуропа чемпионы Кори Уолкс) 51.530 ұпаймен қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетейік, отандастарымыз 2025 жылдың басында Әзербайжан еліндегі Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде алған еді.
Әлем Кубогының кезеңі 21 қыркүйекте мәресіне жетеді.
Осыған дейін Айдос Сұлтанғалидың грек-рим күресінен 26 жылдан кейін әлем чемпионатында алтын алғаны туралы жаздық.