Бұл туралы ол Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында өткен «Цифрлық дәуірде балаларды қорғау» атты іс-шарада айтты.
Қазіргі таңда үкіметтер мен технологиялық компаниялар Аустралияның алғашқы ел болып 2024 жылдың желтоқсанынан бастап 16 жасқа дейінгі тұлғаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салу бастамасына ерекше назар аударып отыр.
Билік әлеуметтік желілерді басқаратын компаниялардан қолданушылардың жасын жаппай тексеруді емес, жасанды интеллект пен мінез-құлық деректерін пайдалана отырып анықтауды талап етіп отыр.
— Бұл толық қауіпсіздікті қамтамасыз етпесе де, дұрыс бағыттағы маңызды қадам, — деді Альбанезе.
Еуропалық комиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен сөзінде «Аустралия үлгісі оны шабыттандырғанын» жеткізді.
Аустралияда 2024 жылдың қарашасынан бастап күшіне енген тыйым жасөспірімдердің әлеуметтік желілерде аккаунт ашу жасын қазіргі 13-тен 16-ға дейін ұлғайтуды көздейді.
Альбанезе үкіметінің бұл бастамасы жасөспірімдердің әлеуметтік желілерді шамадан тыс пайдалануынан туындайтын психикалық денсаулыққа зиян, дезинформация, қорқыту және зиянды дене бейнелерін тарату сияқты мәселелерді негізге ала отырып ұсынылды.
Премьер-министр бұл қадамды балаларды өмірінің ең маңызды кезеңінде қорғауға бағытталған «ақылға қонымды, бірақ кешігіп жасалған шара» деп атады.
Айта кетелік Германияда 16 жасқа дейінгі балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салу ұсынылды.