Бұл турдың шымылдығын «Ұлытау» (Жезқазған) мен «Атырау» командалары ашты. Биылғы біріншілікті сәтсіз бастаған атыраулық клуб аталған ойында жеңіске жетуге бар күшін салды. Мұнайлы қаланың командасы бұған дейін алты тур бойы екі мәрте жеңіске жетіп, қалғанында тең ойнаған. Осылайша турнир кестесіндегі жағдайын біршама жақсартып алған болатын. Бұл жолы да Жуковский жаттықтыратын команда футболшылары аянып қалмады.
Алайда алаң иелері кездесудің 15-минутында өз қақпаларына гол өткізіп алды. Жезқазғандық клуб сапынан Демият Сламбеков көзге түсті. Бірінші таймда «Атырау» клубының аяқдопшылары есепті теңестіре алмады. Есесіне екінші таймда 5 гол соғып, сенімді түрде жеңіске жетті. Алаң қожайындарынан Константин Дорофеев 63, 80, Ян Труфанов 67, Руслан Юденков 80, Лука Згурский 84-минутта мергендік танытты.
Осылайша қарсыласынан 5:1 есебімен басым түскен «Атырау»турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. Нәтижесінде әзірге Премьер-лигадағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік туып отыр. Енді олар 18 қазанда өз алаңында «Жеңісті» қабылдаса, 26 қазанда сырт алаңда «Елімаймен» ойнайды.
Аталған турда бүгін «Жеңіс» (Астана) пен «Тұран» (Түркістан), «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропавл) жасыл алаңға шығады.
Ал, 28 қыркүйекте «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Астана», «Елімай» (Семей) мен «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.
Сондай-ақ 5 қазанда «Қайрат» (Алматы) пен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.