Рауан Әбілханов — 9 баланың әкесі, Астана аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі, Қазақстанның әскери сапында 23 жылдан бері қызмет етеді. Бүгін де спортшыны қолдауға және шығарып салуға әріптестері мен жақын туыстары келді.

— Көңіл-күйім өте керемет. Республика күніне арнайы жоспарлап жүгіруді бастадым. Бұл жүгіріске үш ай бойы тыңғылықты дайындалдым. Әсіресе тамақтану өте маңызды, нәтиженің 70 пайызы осыған байланысты. Жол бойы жедел жәрдем көлігі, өзіміздің жеке құрам бар және жол полициялары еріп жүреді, — деді Рауан Әбілханов.

Рауан үшін бұл алғашқы рекорд емес.Бұған дейін 350 шақырымды екі тәулікте жүгіріп, Қазақстан рекордтар кітабына енген. Енді өз рекордын жаңартып, мүмкін емес нәрсенің жоқ екенін көрсткісі келеді.
Әлемдік рекордтар кітабының Азия және Африка елдері бойынша тіркеу бойынша бас офицері Қуандық Құдайбергенов 600 шақырымның өте ауыр болатынын айтуда.
Оның үстіне Оның үстіне Астанадан Көкшетауға дейінгі жол асфальт емес, бетоннан жасалған. Бұл да буынға ауыр жүктеме түсіреді.

— Әдетте адамдар қанша дайындалса да, 42 шақырымдық марафонды әрең жүгіреді. Ал отандасымыз бес күнде 600 шақырымды еңсеру үшін күніне 120 шақырымды жүгіріп отыруы керек. Арасында тынығуға, тамақ ішуге рұқсат етілген. Біз Strava қосымшасы арқылы бес күн бойы бақылап отырамыз. Оның қауіпсіздігі мен денсаулығын басты назарда ұстаймыз. Әлемде бұдан да үлкен рекордтар бар. Бірақ, бұл рекордтың ерекшелігі — санаулы күнде жүгіріп өту. Демек бұл мақсаты орындалса, әлемдік рекорд орнайды, — деді Рекордтар кітабының өкілі.
Ультрамарафон 30 қыркүйекте аяқталып, Рауан Әбілханов Астанаға оралады.
Айта кетейік, құрлық әскерлерінің «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы дрондар сайысын өткізді.