Ақтөбеде отбасындағы зорлық-зомбылық туралы хабарлап, көмек сұрағандардан 4 мыңға жуық қоңырау түскен. Нәтижесінде полиция 3500 қорғау нұсқамасын шығарды.
— Сот мың адамға ерекше талап қойды. Дәл сол ерекше талапты бұзған 438 адам жауапқа тартылды. Сонымен бірге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша 3 мыңға жуық агрессор жауапқа тартылды. Сондай-ақ жыл басынан бері барлығы 187 қылмыстық іс тіркелді. Қылмыстық кодекстің «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру» бабы бойынша 31, «Ұрып-соғу» бабы бойынша 156 іс анықталды. Қылмыс отбасылық жанжал мен қызғаныш кезінде жасалған. Көбі ішімдік ішпеген күйі заң бұзды. Оның үлесі — 68,1%. Ер адамдар, соның ішінде бұрын сотталған арасында жиі тіркеледі, — деді Ақтөбе облыстық ПД жергілікті полиция қызметі бөлімі отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің инспекторы Айгерім Көрпешева.
Еске салсақ, зорлық-зомбылыққа шағымданған 85 астаналықтың 64-і арызын қайтып алған.
Ақтөбеде қала әкіміне әйелді ұрып-соқты деген айып тағылды.