Әлеуметтік желіде асхананың қазіргі жағдайы көрсетілген бейнежазда жарияланды. Ролик авторының айтуынша, тамақ таратуға арналған лифт нағыз қоқыс жинайтын орынға айналған. Оның астында қоқыс пен көгерген ыдыстар жатыр.
Наразылық білдірген ата-аналар Бостандық ауданының прокуратурасына және санитариялық қызметке осы мектепті тамақпен қамтамасыз ететін жеке кәсіпкердің жұмысын тексеруді сұрады
Алматы қаласы Білім басқармасы бұл жағдай бойынша жауап берді. Онда №65 мектеп-гимназиясының директорына мектепішілік бақылаудың болмағаны үшін ҚР Еңбек кодексіне сәйкес тәртіптік жаза қолданылғаны хабарланды.
— Бұл дерек аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің назарына алынды, ыстық тамақпен қамтамасыз ететін кәсіпкерге қатысты тиісті шаралар қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 127 мың оқушы тегін тамақпен қамтылатынын жазғанбыз.