Одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер қосылады. Үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар қамтылады. Ең соңында өзге де нысандарға жылу беріледі.
— Жылыту маусымын бастау туралы шешім бес тәулік бойы сыртқы ауаның тәуліктік орташа температурасы +8°С және одан төмен болған жағдайда қабылданады, — деп мәлімдеді басқармадан.
Жылуға қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, тұтынушыларға жылуды үздіксіз жеткізу талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
Еске салайық, бұған дейін Алматы тұрғындары жылу мен ыстық суға қарызын өсімпұлсыз өтей алатынын жазғанбыз.