Алматы қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы Дамир Ермағамбетов жер сілкінісі туралы хабарландырудан кейін қала тұрғындарына үндеу жасады.
– Құрметті алматылықтар мен қала қонақтары! Бүгін, 21 қыркүйек күні, шамамен сағат 16:25-те Астана уақыты бойынша Алматыдан 9 шақырым жерде сейсмикалық станциялар жер сілкінісін тіркеді. Алайда тұрғындарға сезілген жоқ. Дүрбелең мен алаңдаушылыққа негіз жоқ. Жағдайды төтенше жағдайлар департаменті толық бақылауда ұстап отыр. Сейсмология институтының деректері бойынша қайталама афтершоктар күтілмейді, — деді ол бейнеүндеуінде.
Бұған дейін Алматылықтарға жер сілкінісі туралы хабарлама келді.
Кейін Алматы қаласынан 9 шақырым жерде жер сілкінгені хабарланды.