Алматы облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, Кеген ауданындағы нысандарға осы апта жылу берілген. Ал Райымбек ауданында келесі апта, 29 қыркүйектен бастап жылыту маусымы басталады.
— Облыстың өзге аудандарда жылуды 15 қазанда немесе ауа райы режиміне сәйкес беру жоспарланған, — деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда жылу қандай нысандарға бірінші берілетінін жазғанбыз.
Алдымен балабақшаларға, мектептерге, медициналық мекемелерге, әлеуметтік ұйымдарға жылу беріледі. Одан кейін тұрғын үйлер, жатақханалар мен қонақ үйлер қосылады. Үшінші кезекте әкімшілік ғимараттар, жоғары оқу орындары, театрлар қамтылады.