Ахметов көшесі мен Закарпатская көшесін қайта жаңартуға және Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін ұзарту және көлік жолайырығын салу бойынша жобалау-сметалық құжаттамасын әзірленіп жатыр.
Тиісті хабарландыру Мемлекеттік сатып алу сайтында жарияланып, тендер өткілізіп қойған. Тапсырыс беруші — Қалалық мобильділік басқармасы, ал жеңімпаз болып «Казахский Промтранспроект» ЖШС анықталды. Шарттың жалпы сомасы 354,6 млн теңге. Оның ішінде 62,5 млн теңгесі бірінші жылы, ал қалған 292,1 млн теңге екінші жылы игерілмек.
Еске салайық, бұған дейін Үлкен Алматы айналма автомобиль жолына дейін Абай даңғылын жеткізу жобасы қандай сатыда екенін жазғанбыз.