Сапары аясында ол Қазақстандағы сумо құрамасының спортшыларымен кездесті. Сонымен қатар ҚР сумо күресі қауымдастығының өкілдерімен шеберлік сабағы мен еркін пікір алмасу өткізді.
Сондай-ақ, Хакухо Сё елорда әкімі Жеңіс Қасымбекпен, Туризм және спорт министрлігінің басшылығымен, бизнес-қоғамдастық және Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен кездесті. Келіссөздер барысында Қазақстандағы сумо күресінің даму тетіктері талқыланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қатысты. Өз сөзінде ол атақты спортшының әлемдік спорт тарихына қосқан зор үлесін атап өтті.
— Сіздің көптеген жеңістеріңіз бен теңдесі жоқ спорттық рухыңыз бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамды, соның ішінде қазақстандықтарды да шабыттандырады, — деді министр орынбасары.
Хакухо Моңғолиядан шыққан, әкесі — 1968 жылғы еркін күрестен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Сумодағы үздік жетістіктерінің арқасында ол ірі турнирлерде 45 рет жеңіске жетіп, кәсіби сумодағы рекорд иегері ретінде тарихқа енді. Шеберлігі мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін Хакухо сумо тарихындағы ең атақты балуан атанған.
Ол Моңғолиядан шыққан төртінші шетелдік және осы елден шыққан екінші спортшы ретінде сумодағы ең жоғары дәреже — ёкодзуна атағына ие болған.
Айта кетелік «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының билеттері 4 сағат ішінде сатылып кетті.