Синоптиктердің болжауынша, солтүстік циклон және онымен байланысты фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжуды жалғастырады. Елдің көп бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек ҚР шығысына, оңтүстік-шығысына жауын-шашынсыз ауа-райын сақтай отырып, антициклон сілемі әсер етеді. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында 1 градус үсік жүреді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Павлодар облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Атырау облысының солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде де жоғары өрт қаупі болжанған.
Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында да төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында,орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.