ЕСІМДЕР
52 жыл бұрын (1973) Жетісу облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Зәкірұлы ҚҰСАЙЫНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Талдықорған заң колледжін, Д.Қонаев атындағы гуманитарлық институтты бітірген.
Еңбек жолы: 1995-2019 жылдары Талдықорған облысы ІІД ТЖБ жедел уәкіл; Алматы облысы Ішкі істер басқармасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген. 2022 жылы Қарағанды облысы Балқаш қалалық полиция бөлімінің бастығы, 2023 жылы Жетісу облысы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы; ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары, 2023-2024 жылдары актерлік Жетісу облыстық полиция басқармасының бастығы болып жұмыс атқарды.
2024 жылдың қаңтар айынан бері қазіргі қызметінде.
50 жыл бұрын (1975) «Хабар» агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дәулетхан Жанқыдырұлы ЖИЕНҚҰЛОВ дүниеге келді.

2002 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2021 жылы Қазақ гуманитарлық-құқықтық инновациялық университетін «Менеджмент және басқару» мамандығы бойынша бітірді, Экономика ғылымдары мамандығы бойынша магистр дәрежесін алды.
Еңбек жолы: 1997-1998 жылдары Алматы облысындағы республикалық «Заң» газетінің меншікті тілшісі, 2000-2001 жылдары «Алма-Медиа» ЖШС ақпараттық бағдарламаларының редакторы, 2001-2002 жылдары «КТК» ақпараттық бағдарламаларының редакторы, 2003 жылы «НТК» ақпараттық бағдарламалары редакциясының шығарушы редакторы, 2003 жылы «31 арнаның» журналисі, 2004-2005 жылдары «CaspioNET» телеарнасының редакторы, 2005-2006 жылдары «31 арна» телерадиокомпаниясы қазақ редакциясының тілшісі, 2006-2007 жылдары «Қазақстан» АҚ АСБД бас редакторы, 2007-2008 жылдары «Қазақстан» АҚ АСБД басшысы, 2008 жылы Мемлекетаралық «Мир» телерадиокомпаниясының редакторы, 2011-2013 жылдары «Нұр-Медиа» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа орталығы басшысының орынбасары, 2016-2016 жылдары «Қазконтент» АҚ «Bnews.kz» ақпарат агенттігі қазақ редакциясының жауапты редакторы, 2016-2017 жылдары «Қазконтент» АҚ «Baq.kz» ақпарат агенттігі бас редакторының орынбасары, 2017-2019 жылдары «Қазконтент» АҚ «Strategy2050.kz» ақпараттық агенттігінің бас редакторы, 2019-2022 жылдары ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
2022 жылғы 11 тамыздан «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алғыс хатымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
48 жыл бұрын (1977) «Қазақстан халқына» ҚҚ Басқарма төрайымы Ләззат Алтынбекқызы ШЫҢҚЫСБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Талдықорған заң колледжін (1996) және Қазақ-Ресей университетін (2008) бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2001 жылдары «Туризм, спорт және демалыс» журналы ЖШС бас редакторының орынбасары, 2001-2003 жылдары «Zurich» қонақ үйінің қызмет көрсету бөлімінің басшысы, 2003-2006 жылдары «Citybus» ЖШС бас заң кеңесшісі, 2007 жылы «Жетісу Папирус» ЖШС директорының орынбасары, 2007-2013 жылдары «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ Құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, Заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, 2013 жылы «G4» ЖШС «Алматының серіктес қалалары» жобасының бас менеджері, 2013-2017 жылдары Алматы облысы «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры, 2018 жылдың сәуірінен – «Менің Атамекенім» ҚБ атқарушы директоры, 2021 жылдан – ADAL партиясы Алматы облыстық филиалының төрайымы. 2021-2022 жылдары Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, 2022 жылы Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 2022-2025 жылдары «Қазақстан халқына» қорының Басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Қазіргі қызметінде 2025 жылдың қаңтарынан бері.
44 жыл бұрын (1981) — ҚР ҚК БШ РХБ қорғау әскерлері және экологиялық қауіпсіздік департаментінің бастығы Ержан Ерікбайұлы ҚҰЛМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы республикалық әскери мектеп-интернатын бітірген (1998); Ресейдің химиялық қорғаныс әскери университетінің филиалын (2003), NBC қорғаныс әскери академиясын бітірген (2015).
Еңбек жолы: 1998-2003 жылдары Ресейдің химиялық қорғаныс әскери университеті филиалының курсанты, 2003-2004 жылдары 73805 әскери бөлімінің ҰБК барлау взводының командирі, 2004-2008 жылдары 50185 әскери бөлімінің химия қызметінің бастығы, 2008-2012 жылдары ҚР Қарулы Күштері Арнайы әскерлері Бас басқармасының ҰБК күзет бөлімінің аға офицері, 2012-2016 жылдары батальон командирі, 65476 әскери бөлімінің штаб бастығы, 2016-2018 жылдары ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Әуе шабуылдаушы әскерлері ҰБК қорғаныс әскерлерінің бастығы, 2018-2019 жылдары ҚР Қарулы Күштері Арнайы әскерлері Бас басқармасының ҰБК қорғанысты басқару басқармасының бастығы, 2019-2020 жылдары ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Инженерлік әскерлер департаменті ҰБК қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері қолбасшылығы басқармасының аға офицері болды.
2020 жылдың сәуір айынан бері қазіргі қызметінде.
38 жыл бұрын (1987) Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Әсел Аманбекқызы БАЛМАНОВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында туған. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Экология» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2010-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қоршаған ортаны қорғау және мониторинг бөлімінің бас маманы, 2012-2016 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, басшысы, 2017 жылы Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы. 2017-2018 жылдары «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, 2018 жылы Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, 2018-2023 жылдары Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2023-2024 жылдары Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып қызмет атқарған.
75 жыл бұрын (1950-2023) ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл Жабаев атындағы сыйлықтардың лауреаты, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Несіпбек АЙТҰЛЫ дүниеге келді.

ҚХР Шыңжаң өлкесі Тарбағатай аймағының Шәуешек ауданында туған. 1962 жылы тарихи отанына оралған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1974-1984 жылдары «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасының редакторы. 1984-1994 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының әдеби кеңесшісі. 1995-1996 жылдары «Ақын» қауымдастығының директоры. 1997-2001 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 2008 жылдан «Алтын тамыр» журналының бас редакторы қызметін атқарды. Қазіргі таңда Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы әдеби-мемориалдық мұражайдың директоры.
«Балалық» деген алғашқы өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрген. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар», «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек», «Балабақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме», «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә. Науаи), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміре, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, итальян ақыны Дж. Родаридың, сондай-ақ М. Исаковский, А. Барто, С. Михалков, С. Баруздин, В. Берестов, Т. Сыдықов, С. Жусуев өлеңдерін қазақ тіліне аударған.