ЕСІМДЕР
74 жыл бұрын (1951) ҚР Қарулы Күштері жоғарғы қолбасшылығының өкілі, генерал-лейтенант Абай Бөлекбайұлы ТАСБОЛАТОВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматының Жоғары жалпы әскери басқару училищесін, Мәскеудің Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында қызмет етті. 1973-1997 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери басқару училищесінде курсанттар взводының командирінен училище бастығына дейінгі жолдан өтіп, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болды. 1997-2002 жылдары Республика Қарулы Күштері Әскери академиясының бастығы қызметін атқарды. 2002-2006 жылдары ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2006-2011 жылдары Республикалық ұланының қолбасшысы, 2012-2016 жылдары бесінші шақырылымдағы, 2016-2021 жылдары алтыншы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болды.
«Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.
61 жыл бұрын (1964) шаңғышы, 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының 4 дүркін күміс және екі дүркін қола жүлдегері Владимир Михайлович СМИРНОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. П. Ф. Лесгафт атындағы Әскери дене шынықтыру институтының спорт нұсқаушылары курсын бітірген, спорт нұсқаушысы (1983); Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты, дене шынықтыру және спорт пәнінің мұғалімі (1986).
Еңбек жолы: 1980-1992 жылдары КСРО және ТМД ұлттық құрамаларында өнер көрсетті. 1988 жылы Калгаридегі XV қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 1992 жылы Альбертвиллдегі XVI қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 1994 жылы Лиллехаммердегі XVII қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 1998 жылы Наганодағы XVIII қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы болды. 2004-2005 жылдары Нагано Олимпиадасындағы Халықаралық Олимпиада комитетінің Атлеттер комиссиясының мүшесі; Халықаралық биатлон одағының спорт директорының көмекшісі, 2006-2010 жылдары IBU Конгрессінің спорт жөніндегі вице-президенті, 2005-2014 жылдары «Scania Kazakhstan» Өкілетті өкілінің орынбасары, «Scania Central Asia» ЖШС бас директоры, Scania компаниясының ТМД елдері бойынша кеңесшісі, 2014 жылы «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубы» корпоративтік қорының бас директор қызметінде болған. ыҚазақстан Республикасының Швециядағы Құрметті консулы.
«Даңқ» орденімен марапатталған, Халықтар достығы (1988); медальдар: 4 алтын (1987, 1989, 1993, 1995), 4 күміс, 3 қола, Норвегияның ең жоғары спорттық марапаты — Холменколлен медалі. Әлем кубогының жеңімпазы: 1991/92, 1993/94.
47 жыл бұрын (1978) Түркістан облыстық сотының төрағасы Айдос Едігеұлы СҰЛТАНОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. 1997 жылы Шымкент заң колледжін, 2000 жылы Қостанай заң институтын бітірген.
Еңбе жолы: 1997-2000 жылдары Шымкент қалалық ІІБ Тергеу бөлімінің денсаулыққа жарақат салу жөніндегі тергеушісі қызметін атқарған. 2000-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ Тергеу басқармасының аса ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушісі, 2001-2004 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІБ Тергеу басқармасының аса ауыр қылмыстарды тергеу жөніндегі тергеушісі, 2004-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД АБ тергеу бөлімінің бастығы, 2008-2013 жылдары Шымкент қаласы, Еңбекші аудандық сотында судьясы қызметін атқарған. 2013-2017 жылдары ОҚО Түлкібас аудандық сотының төрағасы, 2017-2021 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының төрағасы, 2021-2024 жылдары Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметіне 2024 жылдың сәуір айында кірісті.
46 жыл бұрын (1979) «Қалалық көлік жүйелері» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Жексенбайұлы ДҮЙСЕБАЕВ дүниеге келді.

2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша тәмамдады.
Еңбек жолын 1998 жылы «Агроцентр-Астана» ЖШС-да тексеруші ревизор болып бастады. 2002-2005 жылдары Астаналық жел электр стансасы комитетінің бас маманы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпарат комитетінің бас маманы, ҚР Байланыс және ақпараттандыру агенттігі комитетінің бөлім басшысы, ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары және инфрақұрылым құрылысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас инспекторы, 2005-2006 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы, 2006 жылы Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі 2006 жылы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, 2006-2007 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, 2007-2009 жылдары Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы, 2009-2010 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, 2010-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, 2011-2012 жылдары ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі, 2012-2014 жылдары ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары, 2014-2022 жылдары Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
37 жыл бұрын (1988) Түркістан облысы туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Данабайұлы МЕДЕУОВ дүниеге келді.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында туған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Туризм» және Шымкент қаласы Шымкент университетінде «Экономика» мамандығы бойынша білім алған. Түркия Республикасы, Анталия қаласындағы Ақтеңіз университеті «Туризм және қонақ үй бизнесінің» магистрі.
Еңбек жолында «Оңтүстік Қазақстан облысы туризмді дамыту ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің директор міндетін атқарушы, Астана қаласының білім басқармасы «Жас саяхатшылар станциясы» мемлекеттік мекемесінің туризм нұсқаушысы, 2017 жылы Астана қаласының білім басқармасы «Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы» МКҚК-нің туризм нұсқаушысы болып қызмет етті.
Түркістан облысы туризм және сыртқы байланыстар басқармасының «Turkistan Tourism Center» туристік ақпараттық орталығы» КММ-нің басшы орынбасары, Туризм басқармасы Туризмді дамыту бөлімінің бас маманы, Туристік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру бөлімінің басшысы, Туризмді дамыту және туристік жобаларды іске асыру бөлімінің басшысы болып еңбек етті. Жыл басынан бүгінгі күнгн дейін, Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасы және мәдениет басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2024 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
36 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Тимур Бөкейханұлы ӘБІЛҚАСЫМОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.2012 жылы Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжау институтын (ҚМЭБИ) «Бизнес экономикасы және мемлекеттік саясат экономикасы» мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы Лондон қ., Ұлыбританияда «Тәуекелдерді басқару» бойынша магистрлік бағдарламаны бітіріп, Жаһандық іскерлік басқару магистрі дәрежесі берілді.
Еңбек жолын «Kazinvest Bank» АҚ-та бастады, банк портфелін басқару және есептілігі жөніндегі маманнан бастап нарықтық тәуекелдер және өтімділік тәуекелдері бөлімінің бастығына дейін әр түрлі лауазымдарды атқарды. 2016-2017 жылдары «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы лауазымында жұмыс істеді. 2017-2018 жылдары «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Тәуекелдерді басқару департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі әдіснамалық кеңестің мүшесі болды. 2018-2021 жылдары Radius Advisory Lab консалтингтік компаниясының аға серіктесі болып жұмыс істеді. 2021-2024 жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды. 2024 жылы «NAC Analytica» корпоративтік қорының Басқарма Төрағасы болды. 2024-2025 жылдары ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбары болып қызмет атқарды.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
35 жыл бұрын (1990) актриса, сценарист Альмира ТҰРСЫН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік университетін бизнесті басқару мамандығы бойынша бітірген.
2019 жылы ол басты рөлді сомдаған Ақан Сатаевтың «Томирис» тарихи фильмінде актриса ретінде дебют жасады.
2020 жылы режиссер Ақан Сатаевпен «Боксшы» спорттық драмасының сценарисі ретінде жұмысын жалғастырды.
2022 жылы Әділхан Ержановтың «Голиаф» қазақ драмасында басты кейіпкер Арзудың әйелі рөлін сомдады.
2022 жылы Mrs. Globe Kazakhstan байқауының жеңімпазы атанды.
121 жыл бұрын (1904-1998) актер және қоюшы-режиссер, Қазақстанның халық әртісі қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі Қапан Оралұлы БАДЫРОВ дүниеге келді.

Қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Табын ауылында туған. Қазақ театрының іргесін қаласқан өнер саңлақтарының бірі. Ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922-1925 жылдары Орынбордағы Қазақ халық ағарту институтында оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің «Бетім-ау, құдағи» деп аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы мал дәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің «Қарагөз», «Еңлік-Кебек», Ө. Оспановтың «Зарлық», Ә. Сұлтановтың «Дариға-Қайдар», татар жазушысы Фахти Бурнаштың «Яш юряклар» спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады. 1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Алғашқы көрнекті рөлі — М. Тригердің «Сүңгуір қайығындағы „Игорь Оленин. Сонан кейін Еркебұлан (С. Сейфуллиннің „Қызыл сұңқарларында“), Жетекші (Н. Погодиннің „Менің досымында“), Михайлов (В. Киршонның „Астығында“), Науан хазірет, Амангелді (Ғ. Мүсіреповтің „Ақан сері — Ақтоқты“ мен „Амангелдісінде“), Телғара (Ә. Тәжібаевтың „Жалғыз ағаш орман емесінде“), Жомарт (Ғ. Мұстафиннің „Миллионерінде“), профессор Мамлюк (Ф. Вольфтің „Профессор Мамлюгінде“), Арқалық (Ж. Шаниннің „Арқалық батырында“), Бекболат (Б. Майлиннің „майданында“), Шыңғыс сұлтан, Әлихан Бөкейханов (С. Мұқановтың „Шоқан Уәлихановы“ мен „Сәкен Сейфуллинінде“), Төле би (Т. Ахтановтың „Антында“), М. Яровой (К. Треневтің „Любовь Яроваясында“), Отелло (У. Шекспирдің „Отеллосында“), Уәзір (Н. Хикметтің „Фархад-Шырынында“), т. б. рөлдерді ойнап, Қазақсахнасында көптеген кесек образдар жасады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері — Бадыровтың Қазақсахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Кейінірек У. Шекспирдің „Асауға-тұсауындағы“ Баптиста, М. Әуезовтің „Еңлік-Кебегіндегі“ Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы характерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты. М. Әуезов драматургиясы Бадыров шығармашылығынан ерекше орын алып, Жазушының 21 пьесасында ойнады. Олардың арасында Кембай, Көбей, Қараменде, Еспембет („Еңлік — Кебекте“), Керім („Абайда“), Сапа, майқан болыс („Түнгі сарында“), Демеужан („Бәйбіше-тоқалда“), Маман („Айман — Шолпанда“), Қобыланды („Қарақыпшақ Қобландыда“), Кәрібоз батыр („Хан кенеде“), Бөрібасар (Ә. Тәжібаевпен бірігіп жазған „Ақ қайыңда“), Б. Момышұлы, Сталин (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған „Намыс гвардиясында“) сияқты образдар бар. М. Әуезовтің „Абай“ романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығы берілген (1952). 1940-1941 жылдары режиссурамен де айналысып, Ә. Әбішевтің „Жолдастарын“ сахнаға шығарды. Кинода Қаратай („Амангелдіде“), Айдар, Сырттан („Абай әнінде“), Көреген („Алып туралы аңызда“), Сәрсен („Өмір жолында“) рөлдерін ойнаған. Бабыровтың „Өткендер мен өткелдер“ (1974), „Естен кетпес есімдер“ (1981), „Театр, моя судьба“ (1987) деген естелік кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрді. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, „Халықтар достығы“ ордендерімен марапатталған.