The Lancet медициналық журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, 2050 жылға қарай қатерлі ісіктен қайтыс болатын адамдар саны 18,6 миллионға, ал жыл сайын анықталатын жаңа онкологиялық жағдайлар саны 30,5 миллионға дейін жетуі мүмкін.
Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдайдан ең көп зардап шегетін — табысы төмен елдер. Алдағы 25 жылда бұл мемлекеттерде барлық жаңа ауру жағдайларының жартысынан астамы және өлім-жітімнің екі үштен бірі тіркеледі деп болжанған.
1990 жылдан 2023 жылға дейін жүргізілген зерттеу аясында қатерлі ісіктің 47 түрі қарастырылған. Ғалымдар бүгінгі күні онкологиялық өлім-жітімнің 40%-дан астамы темекі шегу, дұрыс тамақтанбау және қандағы қант деңгейінің жоғары болуы сияқты өзгертуге болатын 44 қауіп факторының әсерінен болып жатқанын атап өтті.
Сарапшылар ахуалды жақсарту үшін, әсіресе табысы төмен елдерде, қатерлі ісікті ерте және дәл анықтау, сапалы емдеу мен қолдаушы күтімге қолжетімділікті арттыру қажет екенін айтты.
Ал Қазақстанда онкологиялық тексерістен кімдер тегін өтуге болатынын мына сілтемеден оқи аласыз.