Оның дерегінше, 2020 жылы ішкі нарықтың жергілікті құс етімен қамтамасыз етілуі 58 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 82 пайызға жетіп отыр.
— Импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендете алдық. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. 2027 жылы Қазақстан халықты 100 пайыз құс етімен қамтамасыз етеді, — деді Айдарбек Сапаров.
Оның айтуынша, мал шаруашылығы өнімдерінің жеткілікті көлемі өндіріліп жатыр.
— Сонымен, ет өнімдері – сиыр, қой, жылқы еттері және жұмыртқа ішкі сұранысты толығымен жабады. Құс еті бойынша оң динамика байқалып отыр. Егер өткен жылы қамту деңгейі 79 пайыз болса, биыл 82 пайызға жетті. Сүт өнімдері бойынша да қамтамасыз етілу 100 пайызға жеткізілді, — деді ол.