Болгарияның Албена қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы қол күресінен әлем чемпионатында шардаралық Ұлболсын Елмұрат қарсыластарын қапы қалдырды.
Финалдық кездесуде ол аңызға айналған словакиялық спортшы, 13 дүркін әлем чемпионы Лусия Дебрановамен күш сынасты. Тәжірибелі қарсыласына мүлдем мүмкіндік бермей, сенімді жеңіске жеткен қазақтың қаршадай қызы әлем чемпионы атанды.
Айта кетсек, Ұлболсынның жасы небәрі 16-да. Соған қарамастан, ол әлемдік аренаның басты белдесуінде тәжірибелі спортшыларды қапы қалдырып, еліміздің абыройын асқақтатты.
Айта кетейік, бұдан бұрын Токио қаласында (Жапония) жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жеткенін жазған болатынбыз.