Ингушетияда досын құтқару үшін Сунжа өзеніне секіріп, су ағыны алып кеткен 8 жасар Хизир Дербичевтің денесі табылғаны белгілі болды. Баланың мәйітін сегіз күн бойы үздіксіз іздеген еді. Бұл туралы Starhit басылымына сілтеме жасап SteppeNews.kz хабарлайды.
Хизирді іздеу жұмыстарына мыңдаған адам қосылды, көпшілігі соңғы сәтке дейін оның амандығынан үміт үзбеді. Алайда, өз өмірін қиып, досын аман алып қалған баланың қаза тапқаны ресми түрде расталды. «Қайтыс болған бала өзі жолдасын құтқармақ болып, суға батып кеткен жерден 10 шақырым қашықтықта табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ұл баланың денесі өзенді тінтіп тінту кезінде №4 мектептің маңынан судан табылған», — деп жазады BAZA арнасы.
Іздеу жұмыстары судың өте салқындығына байланысты қиындаған. Оған қарамастан, құтқарушылар, еріктілер және жай ғана жанашыр жандар күн-түн демей іздеуге шығып, аянып қалмады. Бұл қайғылы оқиға мыңдаған адамның басын біріктірді…
Естеріңізге сала кетейік, осыдан сегіз күн бұрын Хизир Дербичевтің суға батып бара жатқан досын құтқару үшін Сунжа өзенінің ағынды суына қорықпай секіргені туралы жазған болатынбыз. Батыл да қатерлі қадамға барған кішкентай кейіпкердің бұл ерлігі бүкіл елді дүр сілкіндірген еді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
