Батыс Қазақстан облысындағы ауыл педагогтарына 250 миллион теңге үстемеақы төленбеген, деп хабарлайды Steppenews ақпараттық агенттігі.
Мұндай заңсыздықтар Сырым ауданындағы балабақшалар мен мектептерде анықталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің айтуынша, 3 жылда 1200-ге жуық білім саласының қызметкері тиісті төлемақыларынан қағылған. Олардың жалақысына 10 пайыздық үстеме қосылуы тиіс болған. Заң бұзғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Келесі материал: Оқушы қызды марихуана шегіп мүгедек қылған жүргізуші сот залынан босап шықты«Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық жалақының 10 пайызы мөлшерінде үстемеақы белгілеу қажет. Алайда Сырым ауданының білім бөлімі 2020-2023 жылдар кезеңінде 26 білім беру ұйымының 1195 қызметкеріне осы үстемеақыны төлемеген. Департаменттің араласуынан кейін білім бөлімі тарифтік тізімге өзгеріс енгізіп, жалақы қайта есептелді», — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Мұратбек Қасымов.