Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті. Мұндай шешімді ақша-кредит саясаты комитеті инфляцияның баяулауы мен макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруына байланысты қабылдады, — деп хабарлайды SteppeNews.kz. Ұлттық банк келтірген дерекке сәйкес, мамыр айында инфляция 10,4%-ға дейін төмендеді. Азық-түлік бағасының өсу қарқыны бәсеңдеп, қызмет көрсету инфляциясы 8,7%-ға тең болды. Қаржы реттеушісі 2026 жылы экономикалық өсім 4,5-5,5% аралығында болады деп болжап отыр. Келесі жоспарлы шешім 2026 жылғы 24 шілдеде жарияланады.
Келесі материал: Президент елдегі сот жүйесіне қатысты пікір білдірді.
