Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сот жүйесіне қатысты пікір білдірді. Президент бұрын азаматтардың мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымдануы қиын болғанын атап өтті,-деп хабарлайды SteppeNews.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап. Әкімшілік әділет енгізілгеннен кейін соттардың жартысынан көбі азаматтар мен бизнес пайдасына шешім шығара бастағанын жеткізді. “Қоғамымыз «судьялар әрдайым билік өкілдерін жақтайды» деген қасаң пікірден арыла бастады”, – деді Тоқаев “Әкімшілік әділет және оның құқық үстемдігін қамтамасыз ету ісіндегі рөлі” атты халықаралық форумда.
Келесі материал: Астанадағы LRT-ның атауы «Тарлан Астана» деп өзгерді.
