Қазақстанда банкроттық рәсімдер электрондық форматқа көшірілді. Цифрлы формат азаматтар мен кәсіпкерлер үшін процесті жеңілдетеді. Онымен қоса, ашық әрі қолжетімді бола түседі, — деп хабарлайды SteppeNews.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Негізгі өзгерістер
Электронды формат – бұрын қағаз түрінде тапсырылатын құжаттар енді онлайн қабылданады.
Салық төлеушінің кабинеті – заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттық рәсімдері осы жүйе арқылы рәсімделеді.
Автоматты хабарландыру – биылдан бастап рәсімдер бойынша хабарландыруларды қабылдау және жариялау автоматтандырылды.
Qoldau жүйесі – кредиторлар мемлекеттік кірістер органдарының шешімдеріне электронды түрде шағым бере алады.
Банкроттық рәсімдердің электронды форматқа көшірілуі оң нәтиже көрсетті
Азаматтардың мәселелерін қарау мерзімі қысқарды.
Негізсіз өтініштер саны азайды.
Қатысушылардың өзара іс-қимыл тиімділігі артты.
Цифрландырудың маңыздылығы неде?
Ақпарат алмасу уақытынның қысқаруында.
Қағаз құжат айналымынның азаюында
Мемлекеттік қызметтердің қолжетімді болуын артуында
Рәсімдерді ашық әрі ыңғайлы етуінде
Еліміздегі цифрлық трансформация жоспарлы тұрғыда енгізіліп келеді. Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімдерін жетілдіру де жалғасып жатыр. Мәселен, Qoldau жүйесінде кредиторларға мемлекеттік кірістер органдарының шешімдерімен келіспеген жағдайда шағымдарды электронды түрде беру мүмкіндігі бар.
